О проекте

Ердәулет Әбдімәлікұлы САДЫҚ басшылық жасайтын  «Ердаулет-Тайма-Баспасөз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 жылдың маусым айынан бері мерзімді басылымдарды жаздыртып, таратумен айналысып келеді. Алғашқы кезде 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып, жұмысын бастаған серіктестікте бүгінде 21 адам жұмыс жасауда.

Арыс қаласымен бірге Шымкент, Түркістан қалалары және Сарыағаш, Ордабасы, Түлкібас, Отырар аудандарының тұрғындарын  мерзімді басылымдармен  қамтамасыз етуде.

Биыл баспасөз саласында жұмыс істегеніне 10 жыл толып отырған «Ердаулет-Тайма-Баспасөз» ЖШС-і өздерінің кәсіби мерекесіне  айтарлықтай табыстармен келіп отыр. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Қазақстан теміржолшысы» газеттері мен  «Жұлдыздар отбасы», «Аңыз адам», «Мәдениет», «Қазақстан әйелдері» журналдары, облыс орталығынан шығатын  «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Алтын босаға», «Замана», «Рейтинг» «Айғақ», «Алтын ұя»,«Қазығұрт КЗ», «Мектеп», «Жас ғалым» секілді  оқырманы көп басылымдармен сенімді әріптес ретінде тығыз байланыс орнатып, аталмыш басылымдарды арыстықтардың әрбір шаңырағының рухани байлығына айналдырған. Серіктестік биылғы жылдан бастап ауқымын кеңейтіп, баспа өнімдерін шығарумен  қатар мемлекеттік рәміздерді, мөр және  мөртабан  жасаумен  айналысуда. Бұрын  мекеме, кәсіпорын қызметкерлері  баспа өнімдері үшін облыс орталығына шабылатын болса  серіктестіктің баспа қызметі жұмысқа  қосылғалы бері бұл жұмыстардың барлығы да  жергілікті жерде іске асырылатын болды.

Мемлекеттің ақпарат саясатының  аудан көлемінде орындалуында «Ердаулет-Тайма-Баспасөз» ЖШС-нің атқарып жатқан жұмысы зор. Аудан көлемінде серіктестік арқылы 1500  данаға дейін «Оңтүстік Қазақстан», 1400  данаға дейін «Айқын», 800 данаға дейін «Егемен Қазақстан», 300 данаға дейін «Южный Казахстан», 200 данадан астам «Казахстанская правда», 2000 данадан астам «Арыс ақиқаты» газеттері  таралады. Бұл аудан көлемінде таралатын барлық деңгейлі мерзімді басылымдардың 70 пайыздан астамы деген сөз. Бұл жұмыста газет таратушы қызметкерлердің еңбектері айтарлықтай. Олар газет-журналдарды  оқырмандарға дер кезінде жеткізіп,  көпшіліктің сеніміне ие болуда.

Алдағы кезде де  оқырмандардың мерзімді басылымдарға деген сұраныстары мен арыстықтардың  баспа өнімдеріне деген  тапсырыстарын жоғары жауапкершілікпен орындап, абырой биігінен көріне береміз деген сенімдеміз.

Баспасөз әр шаңырақтың байлығына айналсын!