ТАНЫМАЛ САЗГЕР-ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТ
05 Января, 2018 1347 0 Администратор
Жаңа жыл – қай халықтың да зор қуанышпен асыға күтетін мерейлі мерекесі. Осыған орай қаламыздағы Әл-Фараби орталық алаңында Жаңа жыл мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.Онда шаһар басшысы Мұрат Қадырбек: - «Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке тілеймін! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашан да берік, туы биік болсын! Арыс елінің құты мен ырзығы арта бергей! Жаңа жыл құтты болсын, құрметті жерлестер!» - деп қала тұрғындары мен қонақтарын құттықтап, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға Арыс қаласының «Құрметті азаматы» төсбелгісін табыстады. Төсбелгі таққандардың қатарында жерлесіміз Қ.Р. Мәдениет қайраткері, Республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы әнші, сазгер Нұрлан Еспанов та бар. Жаңа жыл кешінде туған жеріне сағынышпен жеткен ағамызды марапатымен құттықтап, сұхбаттасудың сәті түсті.
- Аға марапатыңыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа жоспарларыңызбен, жаңалығыңызбен, жетістеріңізбен бөліссеңіз...
- Рақмет. Биылғы үлкен жетістігім туған жерім тарту еткен «Құрметті азамат» төсбелгісі болып отыр. Қуанышымды сөзбен жеткізіп айту мүмкін емес. Жерлестеріме еңбегімді бағалағандарына үлкен алғысымды білдіремін. Осы марапат менің еңбегімнің жемісі деп білемін.
- Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасына айрықша көңіл бөлінуде. Осы орайда, қаламызға жеке шығармашылық кешіңізді өткізу жоспарыңызда бар ма?
- Иә, әрине. Мен осы уақытқа дейін де туған жеріме келіп халқымды әндеріммен сусындатып тұрғам. Ал алдағы уақытта, Алла қаласа шамамен мамыр айында әріптестеріммен бірге жеке ән кешімді өткізем деп ойлаймын.
- Нұрлан аға, шығармашығыңызда қандай жаңалықтар орын алуда?
- Шығармашылығым күннен күнге жаңа әндермен толығуда. Яғни түрлі тақырыптар да жаңа әндерім дүниеге келуде. Алдағы уақытта әлі де бағындырар белестерім көп.
- Сұхбатыңызға үлкен рақмет! Халқыңызға деген жаңа жылдық тілегіңіз...
- Жаңа жыл жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар орындалатын жыл болсын. Сіздерге ит жылында тек қана жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін.
Сұхбаттасқан Динара ЖҰМАЛЫҚЫЗЫ.
Рекомендуемые
Мексикалық чемпион Джейкобс Головкинге қарағанда едәуір жетілген спортшы екенін айтты
Вчера170
Отбасында еңбекке жарамсыз адам болған жағдайда жұмыссыз анаға 25 541 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді
Вчера150
Америкалық спортшы Қазақстанда қол күрестің мықты дамып келе жатқанын айтты
22 Февраля, 2019240
Зарина Дияс Федерация Кубогында сәтті өнер көрсетіп, мемлекет басшысынан қымбат сыйлық алды
21 Февраля, 2019410
Шымкентте ерлі-зайыпты кәсіпкерлерді өлтірген олардың көлік жүргізушісі екені анықталды
20 Февраля, 2019570
Оставить комментарий