ЖАЗИРА ЖАППАРҚҰЛ – АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
22 Декабря, 2017 13214 1 Ердәулет САДЫҚ
Бүгін Арыс қалалық мәслихатының кезекті сессиясы болып өтті. Ондағы күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – «Арыс қаласының Құрметті азаматы» атағын беру туралы. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 12-тармағына сәйкес қала әкімінің ұсынысын қарап, Арыс қалалық мәслихаты қаланың экономикалық, әлеуметтік салаларына қомақты үлес қосып, елеулі еңбектерімен үлгі бола білген он азаматқа «Арыс қаласының Құрметті азаматы» атағын бекітіп берді.
Олардың қатарында зілтемірші, әлем біріншілігінің екі дүркін күміс жүлдегері, жасөспірімдер олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, сазгер, әнші, ҚР Мәдениет қайраткері, республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы Нұрлан Еспанов бар.
Әлемдік додаларда Қазақ елінің көк байрағын биікте желбіретіп жүрген мұндай азаматтарға қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Мерейлерің асқақтай берсін, спорт пен өнердің саңлақтары!
Автор: Ердәулет САДЫҚ
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034780
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043640
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202042070
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043560