Шымкентте атыс болып, 4 адам көз жұмды
15 Июля, 2020 3065 0 Администратор
Шымкентте атыс болып, 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Еуразия» телеарнасына сілтеме жасап. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оқиға кешкі уақытта болған. Көшеде ойнап жүрген балалар ересектерге келіп, жол бойында екі адамның өлі денесі жатқанын айтқан. Оқиға орнына дереу полциия шақырыпты. Белгілі болғандай, оқ атқан адам сол шағынауданда тұрады екен. Ол үйінен қару алып шығып, көшеде көлікте отырған екі ер адамды атып тастапты. Артынша үйіне кіріп әйел адамды өлтірген. Соңында өзіне оқ атып, өмірмен қоштасқан. Әзірге көз жұмған әйелдің оған кім болатыны анықталған жоқ. Шымкент қалалық Полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034390
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043290
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041680
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043230
Оставить комментарий