Өкпе зақымданған кезде қымыз бен шұбат ішуге бола ма?
15 Июля, 2020 3207 0 Администратор
Дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға да кеңес беріп отыр. Бұл ағзаның қалпына келуіне көмектеседі
Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Сәуле Қасенова өкпесі зақымдалған науқастарға халық медицинасының маңызы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ол коронавирустан өкпесі зақымдалған науқастарды емдеуде ең маңыздысы тыныс органдарын оңалту екенін атап өтті. Сол себепті дәрігерлер пациенттерге тыныс алу гимнастикасымен айналысуға кеңес береді.
«Күніне үш рет 10-15 минуттан қарапайым жаттығу жасап тұрыңыздар. Терең дем алып, демді шығару өкпе жұмысын жақсартады», – деді профессор.
Қасенованың айтуынша, тыныс жаттығуларынан бөлек, оңалту кезеңі кезінде халық медицинасының да маңызы зор әрі қолжетімді.
«Біз ұлттық сусынымыз – қымыз бен шұбаттың емдік қасиетін жақсы білеміз. Егер пациентте панкреатит немесе асқазан-ішек жолдарының басқа аурулары болмаса, оларды іше беруге болады. Өйткені ол дәрумендер мен микроэлементтерге өте бай. Коронавирус ағзаға ауыр соққы болғандықтан, қымыз бен шұбат қайта қалпына келуге көмектеседі», – деді пульмонолог.
Сонымен қатар, дәрігер түрлі фитопрепараттар мен шөп тұнбаларын қолдануға кеңес берді.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034380
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043270
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041660
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043220
Оставить комментарий