"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 2020 3438 0 Taima.kz
Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді.
Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанда коронавирустан анағұрлым қауіпті пневмония тарағаны туралы мәлімет таратты. Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұған қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қытайдың кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда коронавирусқа қарағанда, өлім-жітімге анағұрлым көбірек алып келетін белгісіз пневмония анықталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі аталған ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді. Айта кету керек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Аурулардың халықаралық тізіліміне– АХТ-10-ға пневмонияны есепке алатын кодтар енгізді. Мысалға, «күңгірт шыны» симптомы кезінде өкпенің зақымдануында, КВИ клиникалық және эпидемиологиялық түрде дагностикаланады, бірақ зертханалық түрде расталмайды. Осы ретте, Қазақстан өзге елдер сияқты осындай пневмония түріне мониторинг және есеп жүргізеді. Бұл, коронавирус инфекциясына шалдығу және оның таралу жағдайын тұрақтандыруға бағытталған басқарушылық шешімдерді уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді. 9 шілде күні Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой пневмония бойынша жалпы елдегі сандар туралы айтты: соның ішінде бактерия, зең, вирус тудыратындар, соның ішінде АКХТ-10 тізіліміне сәйкес «белгісіз этиологиядағы вирусты пневмония» бар. Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қытайлық БАҚ-тың хабарламасы шындыққа жанаспайтынын мәлім етеді», - деді ведомстводан.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034380
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043270
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041660
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043220
Оставить комментарий