Ашытқы «жеген» қияр мен қызанақ өнімі таза болады
12 Апреля, 2020 5327 0 Taima.kz
Ашытқы «жеген» қияр мен қызанақ өнімі таза болады
Ашытқыны тыңайтқыш ретінде қолдану ерте уақыттан, яғни химиялық қоспаларды сататын дүкендер жоқ кезден бастау алған.
Құрамында химикаттары жоқ, дәріленбеген, денсаулыққа пайдалы, экологиялық таза, мол өнім алу әрбір бақша өсірушінің мақсаты.Ал қарапайым нан ашытқысының қызанақ пен қияр үшін таптырмас қоректендіргіш екенін біреу білсе, біреу білмес. Тыңайтқыштың бұл түрін бау-бақшамен үздіксіз айналысатындар белсенді түрде қолданады. Арнайы дүкен сөрелерінен қияр мен қызанаққа арналған қоректендіргіш, тыңайтқыштардың көптеген түрлерін табуға болады. Ашытқымен қоректендірудегі басты артықшылық - химиялық дәрі-дәрмексіз дақылдардың өсіп-өнуі, сапалы өнім беруі. Ашытқыны тыңайтқыш ретінде қолдану ерте уақыттан, яғни химиялық қоспаларды сататын дүкендер жоқ кезден бастау алған. Ондай дүкендер пайда болғаннан бастап, тыңайтқыштың бұл түрі ұмытыла бастады. Себебі химиялық дәрі-дәрмектер өте күшті нәтиже берді. Бірақ қазіргі кезде табиғи өнім алғысы келген бағбаншылар ұмыт бола бастаған тыңайтқыш түрін қайта жаңғыртуда.
Ашытқы қоректендіргішін бұрыш, қызанақ, қияр өте жақсы қабылдайды. Ашытқы түрлері Ашытқы тыңайтқышын дайындау жеңіл әрі көп уақытты талап етпейді. Ол үшін ашытқының бірнеше түрін пайдалануға болады. Тез әсер еткіш Жаңа дайындалған Құрғақ Түйіршіктелген Сығымдалған Бірақ тыңайтқыш үшін көбіне жаңа дайындалған ашытқы көбірек пайдаланылады. Ашытқымен қоректендірудің бірнеше рецепті 10 литр суға 3 шай қасық ашытқы, 2 ас қасық қант ұнтағын араластырып, 3 сағатқа тұндырып қою қажет. Дайын болған қоспаның 10 литріне 2 литр су араластырып пайдалана беруге болады. Жарты литр суға жаңа дайындалған ашытқының 100 грамын салып, толық ерігенше араластыру қажет. Ашытқы еріп болған соң үстіне 5 литр су құйылады. Мұндай тыңайтқыш гүлдер мен қызанаққа тез әсер етеді. 10 литр жылы суға жаңа дайындалған ашытқының 100 грамы және жарты келі күл (ағаштың күлі болса әсері де айтарлықтай). Барлық қоспаларды араластырса болғаны, тыңайтқыш дайын. Тыңайтқышты көкөністердің белсенді өсуіне пайдалаған дұрыс. Бұл рецепті үлкен аумаққа егілген қызанақ пен қияр үшін пайдаланған тиімді. 70 литр суға шамамен 1 шелек туралған көк шөп және 500 г ашытқы араластырып, 1тәулікке ашытып қою қажет. Мұндай көлемді тыңайтқышты суғарумен бірге пайдаланған жөн. Көшеттерді күн батқан соң суғарған дұрыс. 10 литр суға жарты келі күл, жарты келі көң және 5 ас қасық шекер, 10 г ашытқыны араластырамыз. Дайын қоспаның 1литрін 10 литр сумен араластырып, көшеттің түбіне емес айналасына құйып шығу қажет. Қоректендіру ережелері Алғашқы қоректендіруді көшетті қондырған соң шамамен 10 күннен кейін жасаған дұрыс. Екінші қоректендіру көшеттер гүлдеп, түйіндей бастағанда жасалады. Бұл тыңайту түйін көлемінің үлкен болып, сапалы мол өнім алуға септігін тигізеді. Үшінші рет тыңайтқышты тек алғашқы өнім жиналған соң ғана беруге болады.
Тек қандай да бір артық жасалған нәрсенің кері әсері болатынын ұмытпаған жөн. Сол сияқты тым артық берілген тыңайтқыштан өсімдіктің жасыл желегі жамырап өсіп, түйнегі өспей сол күйінде қалып қоятынын ескерген дұрыс. Ашытқыдан жасалған тыңайтқыш арқылы дақылдардың өсуі жылдамдап, өнімділігі мен дәм сапасы артады. Тыңайтқыштың құрамы табиғи болғандықтан адам денсаулығы мен өнім еккен жерге тигізер залалы жоқ. Қаражат пен уақытты үнемдеп, денсаулыққа зиянсыз табиғи өнім пайдаланғанға не жетсін. Дайындаған: Э.Базарбаева, ERNUR.KZ-ке сілтеме жасай отырып Taima.kz
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034390
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043290
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041680
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043230
Оставить комментарий