Сарыағаштық полицейлер кеден бекетінің аумағын заңсыз сауда дүңгіршектерінен тазартты
25 Ноября, 2019 459 0 taima.kz
Сарыағаштық полицейлер кеден бекетінің аумағын заңсыз сауда дүңгіршектерінен тазартты
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында заңсыз қойылған сауда дүңгіршектерді жою мақсатында рейдтік шараға ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары еш рұқсатсыз салынып, сауда жасап тұрған орындарды ретке келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып Taima.kz.
Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Жібек жолы ауылында орналасқан «Жібек жолы» кеден бекетінің алдын жабайы саудадан арашалады. Өз бетінше белгіленбеген жерге пластикалық рамадан жасалған дүңгіршектерін қойып, заңсыз ақша айырбастау пунктерін ашып алған тұлғаларды тәртіпке шақырды. Оларға заңсыз ақша айырбастауға болмайтындығын түсіндіріп, арнайы техниканың көмегімен аталған дүңгіршектер орындарынан алынды.
«Тексеріс барысында Сарыағаш АПБ ЖПҚ УПИ-мен 5 азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалармен елді мекендер инфрақұрылымы обьектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша ескерту жасалды. Оған қоса, осы заңсыздық қайта жасалған жағдайда 20АЕК (50500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынатындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Полицейлер жеке кәсіпкерлерге тек арнайы белгіленген орындарда ғана сауда жасауға, дүңгіршек орнатуға кеңес береді», делінген хабарламада.
Рекомендуемые
Тәртіп сақшылары жол-көлік апатын жасап, каналға құлаған тұрғынды құтқарып қалды
Сегодня, 18:59290
Ұлытаудың «Алтын шоқысындағы» таңбалы тасты Әмір Темір орнатқан Барлық құқықтар қорғалған.
04 Декабря, 2019710
Димаш Ниязов: «Сіздер робот емессіздер, полицейлер!» Димаш Ниязов: «Сіздер робот емессіздер, полицейлер!»
02 Декабря, 20192770
Сарыағаштық полицейлер кеден бекетінің аумағын заңсыз сауда дүңгіршектерінен тазартты
25 Ноября, 20194590
2020 жылдан бастап 340 мың көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақы алатын болады
23 Ноября, 20195150
Оставить комментарий