Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты
24 Октября, 2019 2890 0 taima.kz
Динара Сәдуақасова қазақстандық шахматта жаңа рекорд орнатты
Англияның Мэн аралында Grand Swiss Халықаралық шахмат турнирі аяқталды. Бұл FIDE турнирлерінің ең ірі жарыстарының бірі – 11 турға созылатын ұзын қашықтықты жарыс болып табылады деп хабарлайды Taima.kz ақпараттық порталы Otyrar.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты. Турнирдің деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахматшылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.
Турнирде қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті.
— Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! – дейді Динара. – күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым — дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – «алтыжүздіктер» тобындағы гроссмейстерлер болды! Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды.
Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505 болды! Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық әйелдер шахматы үшін рекорд!
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034390
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043290
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041680
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043230
Оставить комментарий