Шымкенттің әкімі ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады
02 Октября, 2019 3999 0 taima.kz
Шымкенттің әкімі ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов әскери самбодан 3 дүркін Әлем чемпионатының жеңімпазы, ережесіз жекпе-жек шебері Арман Оспановты қабылдады, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Taima.kz ақпараттық порталы.
Кездесу барысында тараптар елімізде спортшыларға жасалып жатқан жағдайлар мен бүгінгі олардың жеткен жетістіктері туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер спортына аса ден қойып, бокс пен әскери самбо үйірмелерін дамыту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, Ерлан Қуанышұлы өскелең ұрпақты патриоттық рухпен тәрбиелеуде отандық спортшыларымыздың алар орны ерекше екенін атап өтті.
Қала басшысы спорт шеберіне алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.
ММА балуаны Арман Оспанов өзінің кәсіби мансабын 2012 жылы бастаған. Бүгінгі күнге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ында жеңіске жетіп, 2-нен жеңіліс тапты. ACA, AP, LS сынды дүбірлі додаларға қатысқан.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034370
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043270
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202041660
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043220
Оставить комментарий