Биліктегілер қазақша сөйлесе, көп нәрсе өзгерер еді
29 Июля, 2019 1274 0 taima.kz
Биліктегілер қазақша сөйлесе, көп нәрсе өзгерер еді
Димаш «Инстаграмға» кейде қазақша пост салса, орыстар мен басқа елдегі орыстілділер дереу: «Перевод в студию!» деп жазады. Оған жұрт жапатармағай аударып береді. Бір адамның сондай «бұйрығының» астына 15-20 адам аударма жасайды деп хабарлайды Taima.kz ақпараттық порталы Zamana.kz -ке сілтеме жасай отырып..
Осы жұрт неге біреулерге тегін қызмет көрсетуге әуес екен?
Димаштың шын фанаты болса, қазақша үйренсін. Үйренбесе, тым болмаса «google translate»-ке жүгінсін. Кереметтей аудармаса да мағынасын түсініп алады.
Осы біз өзге тілдегі бір сөзді түсінгіміз келсе, аударма сайттарды ақтарып, біраз терлейміз ғой.
Ал жарайды, «бәрі бір Димашымыздың фанаты ғой» деп жанашырлық таныта қойсын, бірақ бір адам аударып берген соң болды емес пе? 15-20 адамның бірден бір сөзді бірдей ғып аударып, елпең-елпең ете қалуы не жалпылдақтық?
Қазақтілділердің орыстар сияқты «аударып бере салыңдар» деп шіреніп отырар күні бұл дүниеде туар ма екен деп қиялдаймын. Шет елде болмаса да өз елімізде солай шіреніп жүрер күн туса...
Қандай керемет болар еді!
Сондықтан билікке қандай болса да қазақтілді, жиындарды қазақ тілінде жүргізетін адам келсе деймін.
«Әлемді өзгерткің келсе, өзіңді өзгерт» деп біз қанша ана тілімізге адал болғанымызбен өзгеріп жатқан, қазақша сөйлеп жатқан жұрт, билік жоқ.
Сондықтан әлемді болмаса да елді өзгерте алатын билігі бар адам қазақша сөйлемей, біздікі құр арамтер болу.
Нұрбану КАМАЛ.
Рекомендуемые
Тәртіп сақшылары жол-көлік апатын жасап, каналға құлаған тұрғынды құтқарып қалды
06 Декабря, 2019500
Ұлытаудың «Алтын шоқысындағы» таңбалы тасты Әмір Темір орнатқан Барлық құқықтар қорғалған.
04 Декабря, 2019940
Димаш Ниязов: «Сіздер робот емессіздер, полицейлер!» Димаш Ниязов: «Сіздер робот емессіздер, полицейлер!»
02 Декабря, 20192980
Сарыағаштық полицейлер кеден бекетінің аумағын заңсыз сауда дүңгіршектерінен тазартты
25 Ноября, 20194840
2020 жылдан бастап 340 мың көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақы алатын болады
23 Ноября, 20195400
Оставить комментарий