ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКІСТАНДА САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР МҰРАЖАЙЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
11 Июня, 2019 4937 0 taima.kz
ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКІСТАНДА САЛТ - ДӘСТҮРЛЕР МҰРАЖАЙЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ
2019 жылғы 7 маусымда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсын аяқтаған тыңдаушылардың Жобалары талқыланды деп хабарлайды Taima.kz ақпараттық порталы.
Келелі кездесуге киелі мекенге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев, Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Алтаир Ахмет, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғаммен байланыс Департаментінің директоры Арман Бердалин қатысты.
Қорғау барысында 6 жоба тыңдалды:
I-Shatyr (intellect shatyr). Яссауи кесенесі маңайына ыстық ауа райынан, күн сәулесінен қорғайтын жасанды көлеңке - тенттер орнату. Бұл Меккеде ғана жүзеге асырылған жоба.
«Jan uia» әлеуметтік отбасылық ауылы». Қарттар үйі мен балалар үйін біріктіріп, жылуға зәру екі жақты мейірімге бөлеу. Жоба Жапонияда жүзеге асырылып келеді.
«EKO-Jai». Бәйдібек ауданында туризмді дамыту мақсатында экологиялық, арзан демалыс үйлерін салу.
«Көп балалы отбасыларға жәрдем ақыны алуды оңтайландыру». E-GOV жүйесіне жәрдемақы алу жеңілдету үшін көпбалалы аналарға арналған қосымша функция ашу.
«Таза сана, таза қала». Кентау қаласында қоқыс шығару жүйесін автоматтандырып, цифрландыру бойынша арнайы бағдарлама енгізіп, жұмыс тиімділігі мен есептілігін қамтамасыз ету, халықты тазалыққа баулу.
«EthnoVillage» ұлттық-мәдени орталығы. Туристтерді тарту үшін Яссауи кесенесі маңайына арнайы этноауыл жасау.
Жоба қорғаған әр тыңдаушылар өз еңбектерін арнайы файлдарға салып құрметті қонақтарға ұсынды. Әрі қарай Жобаларын слайд арқылы көрсетіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптарын берді.
Ұсынылған Жобалардың ерекшелігі – басым бөлігінің әлеуметтік бағытта болуы, яғни бұл жобалар жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Жобалардың креативті бағытта екендігін байқаған Арман Бердалин, өзінің оң ұсынысын да білдірді. Ол киелі Түркістан шаһарында салт-дәстүрлер мұражайын салуды ұсынып, топырағы тарихқа толы Түркістан төрі тағы бір мәдени мұражаймен толықса екен деген бастама көтерді.
Айта кетейік, талқыланған жобалардың барлығы дерлік мақұлданып, әрі қарай іс жүзінде жүзеге асыру ұсынылды.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202053780
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202063070
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202059660
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202061230
Оставить комментарий