ТҮРКІСТАН: АЙМАҚТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ЖАППАЙ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
24 Мая, 2019 10975 0 taima.kz
ТҮРКІСТАН: АЙМАҚТАҒЫ МЕКТЕПТЕРДЕ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕЙТІН ЖАППАЙ БІРЫҢҒАЙ ТӘРБИЕ САҒАТЫ ӨТТІ
Өңірімізде бүгін өскелең жас ұрпақты адалдыққа бастайтын игі істің бірі «Адал ұрпақ - ұлт болашағы» тақырыбында өңірдегі 903 мектепте бірыңғай тәрбие сағаттары өтті деп хабарлайды Taima.kz.
Парасаттылық пен академиялық адалдық қағидалары турасында өткен іс-шара 200 000-нан астам 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Бұл игі шара ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы барлық мектептерде жаппай бір мезетте өтті.
Жаппай бірыңғай сабақтың негізгі мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойына адалдық пен парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру, оларды адал жолға шақыру.
Тәрбие сағаты барысында білім беру мекемесінің оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, дөңгелек үстелдер мен түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар өнегелі өлең - жырлар оқып, замандастарын адал тұлға болуға шақырып, елдің адал ұрпағы боламыз деп серт берді.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034780
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043640
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202042070
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043570
Оставить комментарий