Дос Көшім кім?
11 Апреля, 2019 8714 0 taima.kz
Дос Көшім кім?
Елімізде кезекті Президент сайлауы заң бойынша келесі, 2020-жылдың соңына қарай өтуі тиіс. Қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл міндетті уақытша атқарып отыр. Яғни билікте өтпелі кезең жүріп жатыр деген сөз. Осыған орай ендігі сайланатын Президенттің кім болуы мүмкін екені туралы болжамдар да айтылып қалуда деп хабарлайды Taima.kz ақпараттық порталы Zamana.kz -ке сілтеме жасай отырып.
Сол сияқты бүгінде елімізді басқаруға лайық адам деп бірнеше азаматтардың да есімдері атала бастады. Солардың қатарында белгілі саясаттанушы Дос Көшім де бар. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жарияланды.
Ал Дос Көшім кім, ол қандай жұмыстар істеген?
Дос (Досмахамбет) Көшімнің саясат сахнасында жүргеніне биыл 30 жылдан асты. Ол кісі саясатпен Кеңес Одағының кезінде-ақ айналысқан. Ол Алматыда болған жиындар мен шерулерді ұйымдастыруға қатысқан. Оңтүстік Қазақстанда және Алматыда болған Бағыс, «Шаңырақ» оқиғаларында, тағы басқа да саяси оқиғалар кезінде де өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, көпшіліктің ортасында жүрді. Аты республикамызға ғана емес, шет мемлекеттерге де танымал болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидар мен радиода ұлттық бағыттағы насихат жұмыстарын жүргізеді, түрлі дебаттарға қатысады. Халыққа демократия құндылықтарын түсіндіру бағытында бірнеше кітаптар жазған.
Дос Көшім – Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысының тумасы, ол 1955-жылы Арыс қаласында өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік университеті филология факультетінің түлегі.
Ол кісі – еліміздегі «Ана тілі» қоғамын құрушылардың бірі. 1990 жылдары Қазақстандағы ең алғашқы Қазақ социал-демократиялық партиясын құруды ұйымдастыруға қатысқан, оның алғашқы тең төрағаларының бірі болған. Сондай-ақ КСРО Демократиялық Конгресінің де тең төрағаларының бірі болып сайланған. Азаматтық «Азат» қозғалысы төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Дос Көшім 1996-жылы елімізде «Демократияны қазақ тілінде оқыту, үйрету және тарату» орталығын құрды. «Әділ сайлау жолында» қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. Кейін «Тәуелсіз бақылаушылардың республикалық жүйесі» қоғамдық бірлестігін құрған, оны басқарған. 2005-жылы республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысын ұйымдастырды, қазірге дейін сол бірлестіктің төрағасы болып еңбек етуде.
Ол кісі «Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер» атағының, «Қазақ тілінің жанашыры» төсбелгісінің иегері. Сондай-ақ оған демократияға сіңірген еңбегі үшін 1994-жылы АҚШ-тағы Техас штатының Құрметті азаматы атағы берілген.
Дос Көшімді жұрт бүгінде қай нәрсеге болса да байсалды, ұстамды түрде қарап, баға беретін білікті саясаткер деп таниды. Егер халық сенім білдіріп, ұсынып жатса, Президенттікке үміткер болып сайлауға түсуге тәуекел ете алатын да шығар, кім білген...
Р. ҚЫДЫР.
Рекомендуемые
"Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарады": Министрлік түсініктемесі
10 Июля, 202034760
Блок бекеттерден қала тіршілігін қамтамасыз ететін көліктер өте алмаған
16 Апреля, 202043630
Кәсіпкерлерді жеңілдетілген несиемен қаржыландыруға 36 млрд теңге бөлінеді
15 Апреля, 202042060
Елеусінов пандемия аяқталған соң әлемнің бұрынғы чемпионымен жекпе-жек өткізеді
12 Апреля, 202043530
Оставить комментарий